Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ шешімі
(2024.13.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының 2024.28.06. № 16/114-VIII шешімімен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 9/67-VIII шешімнің
қосымшасы
Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер